Басты жаңалықЖаңалықтар
ШҚО-да 38 градусқа дейін ыстық болады

Облыста алдағы күндері аптап ыстық күтіледі.
Синоптиктердің мәліметінше, өңірде ауа температурасы күрт көтеріліп, күндіз +35…+38 градусқа дейін ысуы мүмкін.
Сонымен қатар кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы ықтимал. Желдің күшеюі де болжанып отыр.
Мамандар тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында ұзақ жүрмеуге, көбірек су ішуге және қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.



