Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Катонқарағайда өнер көрсетеді!

10-12 шілде аралығында Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтеді.

Фестивальдің ең басты жаңалығы – әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің өнер көрсетуі. Ол 11 шілде күні сағат 19:00-де өтетін гала-концерттің басты қонағы болады.

Үш күнге созылатын мерекеде қонақтарды айтыс, поэзия кештері, ұлттық спорт жарыстары, аламан бәйге, қолөнер көрмелері мен түрлі этномәдени бағдарламалар күтеді.

Негізгі мерекелік шаралар Катонқарағай және Берел ауылдарында ұйымдастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button