Жаңалықтар
Өскеменде тұрғындарға арналған Ашық есік күні өтеді

Өскеменде тұтынушылардың құқықтарын түсіндіруге арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылады.
Басты мақсаты – тұрғындардың сатып алу кезінде өз құқықтарын білуіне және оларды дұрыс қорғауына көмектесу.
Шараны 24 маусым күні сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өткізеді.
Қала тұрғындары сол күні сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін (түскі үзіліс 12:30–13:30 аралығы) келіп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап ала алады.
Өтетін орны: 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 22-үй, 3-қабат.



