Жаңалықтар

Катонқарағайдың қос ауылы туристік рейтингте топ жарды

Катонқарағай ауданындағы Берел мен Коробиха ауылдары Қазақстандағы ең үздік туристік ауылдардың бестігіне кірді.

Бұл тізімді жыл сайын «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы жасайды. Байқаудың мақсаты – табиғаты көркем, тарихи және мәдени ерекшеліктері бар ауылдарды танытып, туризмді дамыту.

Үздік бестікке Берел мен Коробихадан бөлек, Жетісу облысындағы Басши, Павлодар облысындағы Торайғыр және Солтүстік Қазақстан облысындағы Имантау ауылдары енген.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанның ауылдық туризмі халықаралық деңгейде де жоғары бағаланып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button