Жаңалықтар

Экстремальді жарыста бақ сынап көріңіз!

27–29 маусым аралығында Риддер қаласы экстремалды мотоспорт пен белсенді туризмнің орталығына айналады. Мұнда спортшыларды, эндуро әуесқойларын және еліміздің түрлі өңірлері мен шетелден келетін қонақтарды біріктіретін ауқымды RIDDER EXTREME ENDURO фестивалі өтеді.

Шараны Риддер қаласы әкімінің аппараты, SnegoDrive компаниясы, BearLog демалыс базасы және Altai Mountains Resort қонақүйі ұйымдастырады.

Фестивальдің басты мақсаты – Риддерді белсенді және экстремалды туризм орталығы ретінде дамыту, мотоспорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ қаланың ірі шараларды өткізуге қолайлы алаң ретіндегі оң имиджін қалыптастыру.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қонақтарды Hard Enduro бағыты бойынша үш күнге созылатын қызықты бағдарлама күтеді. Оның аясында орталық алаңдағы ашылу сайысы, спортшылардың көрсетілімдері, Алтай тауларындағы әсерлі жарыстар және ауқымды фестивальдік бағдарлама ұйымдастырылады. Әлеуметтік желілерде бұл шара қазірдің өзінде еліміздегі ең ауқымды эндуро жобаларының бірі ретінде аталып жүр.

Фестивальдің негізгі алаңдары Республика алаңында, «Эдельвейс» тау-шаңғы кешенінде, BearLog демалыс базасында және Altai Mountains Resort қонақүйінде орналасады.

Қатысушылар «Әуесқойлар», «Кәсіби спортшылар» және «Ардагерлер» санаттарында сынға түседі. Бағдарламада іріктеу жарыстары, қатысушылар шеруі, көрсетілімдер және марапаттау рәсімдері қарастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button