Жаңалықтар
ШҚО-да құрғақшылық болуы мүмкін

Синоптиктер облыстың бірқатар ауданында құрғақшылық болуы мүмкін екенін ескертті.
Алдын ала болжам бойынша, Зайсан, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөл және Тарбағатай аудандарында орташа деңгейдегі қуаңшылық қалыптасуы ықтимал. Сондай-ақ Өскемен қаласы мен Шемонаиха маңында да ылғал тапшылығы байқалуы мүмкін.
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай тек Шығыс Қазақстанда ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де күтіледі.
«Қазгидромет» мамандары бұл мәлімет алдын ала жасалған болжам екенін ескертті.



