Жаңалықтар

Жалған демалыс үйлеріне алданып қалмаңыз!

Облыс тұрғындары мен қонақтарына туристік алаяқтардан сақ болу ескертілді.

Жыл басынан бері облыста жалған демалыс үйлеріне қатысты екі алаяқтық оқиғасы болды.

Алаяқтар әлеуметтік желілерге тартымды бағамен демалыс үйлерін ұсынып, әдемі суреттер жариялайды. Тіпті шынайы мекенжайлар мен интернеттен алынған суреттерді пайдаланып, сенімге кіреді.

Кейін «үй бос тұр» деп алдын ала төлем сұрайды. Ал ақша аударылған соң «жөндеу жұмыстары басталды», «техникалық ақау шықты» деген сылтаумен жоғалып кетеді.

Сондықтан, демалыс орнын алмас бұрын ақпаратты мұқият тексеріңіз. Алдын ала төлемді сенімділігіне көз жеткізбей аудармаңыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button