Жаңартудан өткен Риддер вокзалы ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республикадағы 124 вокзалда жаңғырту жұмыстары басталған болатын. Осы жоба бойынша Риддер қаласындағы тозығы жеткен теміржол вокзалы да жаңартылды.
—Жаңартылған вокзалдың ашылуы жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға, жүк тасымалының тиімділігін арттыруға және көлік-логистика саласының бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді,- деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Бас мердігер «Финтэк-Астана» ЖШС құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың II тоқсанында бастаған. Жұмыстары уақытылы аяқталып, бүгінде вокзалдың ашылу салтанатты өтті. Жобаның жалпы құны 626,4 миллион теңге.
Реконструкция нәтижесінде вокзал ғимараты толық жаңартылып, заманауи келбетке ие болды.



