Жаңалықтар

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды-ШҚО

27 маусымда өңірдің бірқатар ауданында ауа райы күрт құбылады.

Синоптиктердің болжамынша, түнде облыстың шығыс бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай соғып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Сонымен қатар облыстың солтүстігінде түнде тұман күтіледі.

Солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Мамандар облыс аумағында жоғары өрт қаупі сақталатынын ескертеді. Ал облыстың солтүстік-батысы, орталығы және Өскемен қаласында төтенше өрт қаупі жарияланған.

Осыған байланысты тұрғындарға найзағай кезінде үйден шықпауға, электр құрылғыларын желіден ажыратуға, қатты жел кезінде ағаштардың астында тұрмауға кеңес беріледі. Сондай-ақ құрғақ шөпті өртеуге, от жағуға және орманға баруға болмайды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button