Жаңалықтар
Полиция қызметіне жаңа «темір көмекші» қосылды

Өскеменде тәртіп сақшыларының арсеналы жаңа техникамен толықты. Енді жарылғыш заттармен жұмыс істеуге арнайы робот-сапер пайдаланылады.
Қашықтан басқарылатын құрылғы күмәнді немесе жарылыс қаупі бар заттарды қауіпсіз көтеріп, арнайы контейнерге жеткізеді. Сонымен қатар робот ғимарат ішінде жұмыс істеп, тіпті баспалдақпен еркін көтеріле алады.



