Жаңалықтар
Болашақ журналистерге арналған ерекше кездесу

Ертең сағат 14:00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада журналистикаға қызығатын жастарға арналған ерекше кездесу өтеді.
«Журналистика – жүрек ісі» атты кездесудің қонағы – Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Дидар» газетінің ардагер журналисі Ғафура Сәрсенбайқызы.
Кездесу барысында қонақ журналистиканың қыр-сыры, мамандықтың жауапкершілігі мен қызықты сәттері туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.
Егер журналистикаға қызығушылығыңыз болсаз – бұл кездесуді жіберіп алмаңыз!



