Катонқарағайға билет алып үлгеріңіз!
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі қарсаңында Катонқарағайға қатынайтын автобустарға сұраныс артады. Осыған байланысты жолаушылар санына қарай «Өскемен – Катонқарағай» бағытына қосымша рейстер ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Қазір бұл бағыт бойынша автобус күн сайын қатынайды. Өскеменнен сағат 08:10-да шығып, Катонқарағайға 12:30-да жетеді. Кері бағыттағы автобус 14:00-де жолға шығып, Өскеменге 18:30-да келеді.
Жол ақысы – 4500 теңге. Билеттер сапарға шығатын күннен 30 күн бұрын сатылымға шығады. Оларды Өскемен автовокзалының кассасынан немесе ресми сайты арқылы онлайн сатып алуға болады.
Жолаушыларға ескерту:
• Автобусқа отырғызу жолға шығардан 15 минут бұрын басталады;
• Билет сату жөнелтуге 15 минут қалғанда тоқтатылады;
• Жүк тасымалының құны – 900 теңге;
• 7 жасқа дейінгі балалар (жеке орынсыз) тегін жүреді;
• 7–15 жас аралығындағы балаларға билет құнының 50 пайызы көлемінде жеңілдік қарастырылған.
Фестивальге баруды жоспарлап жүрсеңіз, билетіңізді алдын ала сатып алған дұрыс.



