Жаңалықтар

17 жастағы шахматшы халықаралық гроссмейстер атанды

Шығыс Қазақстан облысының 17 жастағы шахматшысы Алдияр Ансат халықаралық гроссмейстер атағын алды. Ол Aktobe Open турнирінде рейтингін 2500 ұпайдан асырып, осы жоғары атаққа қажет барлық нормативті толық орындады.

Алдиярдың шахматтағы жетістіктері бала кезінен басталған. Ол алты жасында спорт шеберлігіне кандидат атанып, 11 жасында FIDE шебері, 13 жасында халықаралық шебер, ал 15 жасында Қазақстанның ең жас еңбек сіңірген спорт шебері болды.

10 жасында Алдияр Қазақстан чемпионатында бірден екі жас санатында жеңіске жетіп, ел шахматы тарихында ерекше жетістікке қол жеткізді. Ол 12 жасқа дейінгі және 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында алтын медаль иеленді. Ал 15 жасында ересектер арасындағы Қазақстан чемпионы атанып, жоғары деңгейдегі шеберлігін дәлелдеді.

Халықаралық гроссмейстер атағы – Алдияр Ансаттың көп жылғы еңбегі мен табанды дайындығының жемісі. Бұл жетістік Шығыс Қазақстан өңірі мен еліміздің шахматы үшін үлкен мақтаныш.

Басқа жаңалықтар

Back to top button