Жаңалықтар
Рахман қайнарына баратын жол жаңарып жатыр

Рахман қайнарына апаратын республикалық маңызы бар жолда жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.
«Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» бағытындағы жолдың алғашқы 45 шақырымында орташа жөндеу жүргізілуде. Қазіргі таңда 9,5 шақырымға тегістеу қабаты, ал 5 шақырымға жаңа асфальттың үстіңгі қабаты төселген.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жолдың сапасы жақсарып, туристер үшін сапар әлдеқайда жайлы әрі қауіпсіз болады.



