ДенсаулықЖаңалықтар

Ана мен бала орталығы жаңартылып жатыр-ШҚО

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығына барып, қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

Қазір орталықтың стационар ғимараты заманауи перзентхана ретінде қайта жабдықталып жатыр. Жоба аясында ғимараттың ішкі жоспарлануы өзгертіліп, жаңа медициналық талаптарға сай қайта жарақтандырылуда.

Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталған. Бүгінде нысанның дайындық деңгейі 90 пайызға жетті. Қаржыландыру толық қамтамасыз етілсе, жоба алдағы айларда аяқталады.

Қазіргі уақытта ғимаратта әрлеу жұмыстары жүргізіліп, 30-дан астам құрылысшы еңбек етуде. Сонымен қатар орталық кезең-кезеңімен заманауи еуропалық медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп жатыр.

Облыс әкімі өңірде денсаулық сақтау саласын жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Қала мен аудандардағы медициналық мекемелер кезең-кезеңімен жөнделіп, жаңғыртылуда. Ана мен бала орталығының да заман талабына сай жаңартылуы тұрғындарға сапалы әрі жайлы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button