Жаңалықтар

Кожоховодағы жаңа үйлердің мәселесі бақылауға алынды

Кожохово ауылының тұрғындары жаңа берілген үйлердің сапасына қатысты шағымдарын облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың жеке қабылдауында айтқан болатын. Аймақ басшысы ауылға арнайы барып, әр үйдің жағдайымен өзі танысты.

2024 жылы «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынған екі пәтерлі төрт үй баспана кезегінде тұрған отбасыларға берілген. Тұрғындардың өтінішінен кейін мердігер компания кепілдік міндеттемесі бойынша қайта тексеру жүргізіп, анықталған кемшіліктерді түзету жұмыстарын бастады.

Қазір шатырлар қосымша жаңартылып, терезелер мен есіктердің ауа өткізетін тұстары ретке келтірілген. Қалған жұмыстар да кезең-кезеңімен жалғасып жатыр.

«Тұрғындар көтерген әрбір мәселе толық шешілуі керек. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға берілетін үйлердің сапасы жоғары болуы тиіс», – деді облыс әкімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button