Жаңалықтар

Дария Қуатжан халықаралық фестивальде қонақ болды

Халықаралық «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестиваліне қатысқан қонақтардың қатарында «Қазақ аруы» байқауының жеңімпазы, дизайнер Дария Қуатжан да болды.

Сән әлемінің өкілі Шығыс Қазақстанға деген ерекше ықыласын білдіріп, бұл өңірдің табиғаты мен мәдениеті өзіне жақын екенін атап өтті.

«Шығысқа жүрегім бұрып тұрады. Бұл жақтың қазақылығы, сөз саптауы, адамдардың болмысы ерекше ұнайды», – деді Дария Қуатжан.

Ол Катонқарағайдың табиғаты мен тарихи-мәдени мұрасынан үлкен шабыт алғанын айтып, болашақта Алтай өңіріне арналған арнайы киім топтамасын шығаруды жоспарлап жүргенін жеткізді.

Фестивальдің кешкі бағдарламасына дизайнер арнайы дайындалған ерекше образбен келді. Оның киім үлгісінде ұлттық нақыш пен заманауи сән үйлесім тапқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button