Жаңалықтар

«Алтай-Өскемен» «Ордабасыдан» жеңіліп қалды

Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалындағы алғашқы кездесуде «Алтай-Өскемен» шымкенттік «Ордабасыға» 3:1 есебімен есе жіберді.

Ойынның алғашқы бөлігінде алаң иелері басымдық танытып, 22 және 38-минуттарда екі гол соқты. Екінші таймда «Ордабасы» тағы бір мәрте мергендік танытып, есепті 3:0-ге жеткізді.

Соған қарамастан, өскемендік футболшылар соңына дейін күресті. Қосымша уақыттың 91-минутында Дмитрий Подстрелов қарсылас қақпасын дәл көздеп, командасының жалғыз голын соқты.

Осылайша, алғашқы матч «Ордабасының» 3:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Екі команда арасындағы қарымта кездесу 19 тамызда өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button