Жаңалықтар

Табыстың тең жартысы несиеге кетеді

Қазақстандықтардың едәуір бөлігі ай сайынғы табысының қомақты бөлігін несие төлеуге жұмсайды. Бұл туралы Ұлттық банктің тапсырысымен жүргізілген зерттеу нәтижесінде белгілі болды.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, қатысушылардың 38%-ы ай сайын несиеге 100 мың теңгеден астам қаржы төлейді. Ал қарызы бар азаматтардың 46,7%-ы табысының 50 пайызынан астамын несие өтеуге жұмсайды.

Сарапшылардың айтуынша, бұл халықтың қаржылық жүктемесінің әлі де жоғары екенін көрсетеді. Зерттеу нәтижесі халықтың едәуір бөлігінің табысы ең алдымен несие төлеуге кететінін аңғартады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button