Жаңалықтар
Өскеменде төрт балабақша салынуы мүмкін

Облыс орталығында алдағы жылдары төрт жаңа балабақша салу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясында облыстық Білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов мәлімдеді.
Оның айтуынша, өңірде қазір 380-ге жуық балабақша жұмыс істейді. Онда 33 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Ал 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 99,3 пайызға жеткен.
Былтыр өңірде төрт жаңа жекеменшік балабақша ашылып, тоғыз балабақша кеңейтілді. Соның нәтижесінде 1 499 жаңа орын пайда болды.
Ал биыл тағы 1 303 орын ашу жоспарланған.2027-2028 жылдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қалада жалпы 1 040 орынға арналған төрт жаңа балабақша салу мәселесі қарастырылып жатыр.



