Жаңалықтар
Дастан Сәтпаев пен ByDastann жаһандық амбассадор атанды

Қазақстандық футболшы, «Челси» клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары болып тағайындалды.
2026 жыл БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы негізінде Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланған еді.
Бұл бастама әлем елдерінің қолдауына ие болып, еріктілік мәдениетін дамытуға, жанашырлық, ынтымақ пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған. Енді Дастан Сәтпаев пен ByDastann осы идеяларды халықаралық деңгейде насихаттап, волонтерлік қызметтің маңызын кеңінен танытуға атсалысады.



