Жаңалықтар
ШҚО-да 41 градусқа дейін ыстық болады

«Қазгидромет» мамандары 17–19 шілде аралығына дауылды ескерту жариялады. Алдағы күндері облыста аптап ыстық болып, ауа температурасы күндіз 41 градусқа дейін жетеді.
Синоптиктердің мәліметінше, өңірде тек ыстық қана емес, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болып, желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Мамандар өңір тұрғындарына күннің ең ыстық уақытында далада ұзақ жүрмеуге, мүмкіндігінше көлеңкеде болуға және жеткілікті мөлшерде су ішуге кеңес береді. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, дауылды ескертулерді назардан тыс қалдырмауға шақырады



