Жаңалықтар
Әлем чемпионатын ашық аспан астында тамашалаңыз!

Өскемен тұрғындары футболдан Әлем чемпионатының финалын ерекше атмосферада бірге тамашалай алады. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен 20 шілдеге қараған түні сағат 00:00-де Амфитеатрда финалдық матчтың тікелей көрсетілімі өтеді.
Ойын үлкен LED-экраннан көрсетіліп, жанкүйерлер үшін мерекелік футбол атмосферасы ұйымдастырылады. Қала тұрғындары достары мен жақындарын ертіп келіп, сүйікті құрамаларына бірге қолдау көрсете алады.
Іс-шараға кіру тегін.



