Жаңалықтар
Катонқарағайда табиғи өрт шықты

Катонқарағай ұлттық паркінің Ақсу филиалында таулы аймақта шыққан табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Өртті ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаменті, орманшылар, ұлттық парк қызметкерлері және авиация тартылды. «Қазавиақұтқару» тікұшағы бірнеше рет су төгіп, ал Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Ми-8 тікұшағы өрт ошағына 45 десантшыны жеткізіп, сегіз мәрте су шашты.
Жұмысты таулы жер бедері мен су көзінің алыс орналасуы қиындатқанымен, мамандар өрттің таралуына жол бермеді. Қазіргі уақытта ашық жалын жоқ. Бүгін өрт ошақтарын толық сөндіру және жағдайды бақылау жұмыстары жалғасады.



