Жаңалықтар
Өскеменде жолақысы қымбаттай ма?

Өскеменде қоғамдық көліктегі жол жүру тарифін өзгерту ұсынылды. Егер тиісті қаулы қабылданса, жаңа баға 1 қыркүйектен бастап күшіне енуі мүмкін.
Жобаға сәйкес, қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде жолақы 90 теңгеден 120 теңгеге, ал қолма-қол төлем 120 теңгеден 200 теңгеге дейін өсуі ықтимал.
Қала әкімдігі қазіргі тарифтің 2017 жылдан бері өзгермегенін атап өтті. Осы уақыт ішінде жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер, автобустарды күтіп ұстау шығындары мен жүргізушілердің жалақысы айтарлықтай артқан.
Әзірге бұл – тек қаулы жобасы. Жаңа тарифтер құжат ресми қабылданып, жарияланғаннан кейін ғана күшіне енеді.



