Жаңалықтар

Өскеменде косметика ұрлаған екі адам ұсталды

Өскеменде косметика дүкендерінде болған екі ұрлық дерегі бойынша күдіктілер анықталды.

Полицияның мәліметінше, алғашқы жағдайда 31 жастағы ер адам дүкеннен бірнеше косметикалық өнімді жасырын алып кеткен. Келтірілген шығын 46 мың теңгеден асқан.

Сол күні осыған ұқсас тағы бір оқиға тіркеліп, 38 жастағы қала тұрғынының дүкен сөресінен косметикалық заттарды ұрлағаны белгілі болды. Бұл жағдайда келтірілген шығын 48 мың теңгені құрады.

Қазіргі уақытта екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button