Жаңалықтар

ШҚО-да ашылатын казиноларға қазақстандықтар кіре алмайды

Зайсан және Марқакөл аудандарында жаңа ойын аймақтарын ашу жоспарланып отыр. Онда казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар орналастырылуы мүмкін.

Жобаға сәйкес, ойын аймақтары Зайсан ауданындағы Сәтбай ауылы маңында, сондай-ақ Марқакөл ауданындағы Ұрынхайка және Ақжайлау ауылдарына жақын жерде орналасады. Бұл бастама өңірге туристер тарту және туризмді дамыту мақсатында ұсынылған.

Алайда бұл казинолар қазақстандықтарға арналмаған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстан азаматтарының казиноға кіруіне тыйым салынған. Сондықтан ойын қызметтерін тек шетелдік туристер ғана пайдалана алады.

Әзірге бұл – қаулы жобасы. Құжаттар келісу рәсімінен өтіп жатыр, соңғы шешім кейін қабылданады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button