Жаңалықтар
Шнайдер көпірінің орнына жаңасы салына ма?

Өскемендегі опырылып түскен Шнайдер көпірінің орнына жаңа көпір салу жұмыстары әзірге басталмайды.
Өткен жылдың қыркүйегінде көпір құлаған болатын. Бастапқыда оны жөндеу жоспарланғанымен, техникалық сараптама нәтижесінде қалпына келтіру тиімсіз деп танылып, жаңа көпір салу туралы шешім қабылданған.
Алайда жобаны іске асыру тергеу жұмыстары аяқталғанға дейін кейінге шегерілді. Қала әкімдігінің мәліметінше, тергеу аяқталған соң ғана құрылысқа қатысты нақты шешім қабылданады.
Қазіргі уақытта жаңа Шнайдер көпірінің қашан салына бастайтыны белгісіз.



