Жаңалықтар
ШҚО-да жаңа зауыт салынады

Тарбағатай ауданында бентонит ұнтағын өндіретін жаңа зауыт салынады. Бұл туралы аудан әкімі Дархан Жөргекбаев инвесторлармен кездесуде мәлімдеді.
Жоба «Маңырақ+» компаниясының қаржысы есебінен жүзеге асады. Зауыт құрылысына 15 гектар жер телімі бөлінген.
Кәсіпорын кезең-кезеңімен іске қосылады. Алғашқы жылы мұнда 20 адам жұмысқа қабылданса, кейін олардың саны 40-қа жетеді. Ал зауыт толық қуатында жұмыс істегенде 60 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, жоба өңірге инвестиция тартуға, өнеркәсіпті дамытуға және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал етеді.



