Жаңалықтар
NEET санатындағы жастар саны қанша?-ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында NEET санатындағы жастардың саны 2 947 адам. Бұл көрсеткіш 20 маусымдағы Цифрлық отбасы картасының деректеріне негізделген.
Олардың 1 948-і өздері тіркелген қала немесе аудан аумағында тұрса, 999-ы басқа өңірде тұрады.
Қазіргі таңда 839 жас жұмыспен қамтылған, 79 адам жұмысқа орналасуға мұқтаж, ал 19 жастың денсаулық жағдайына байланысты еңбекке орналасуында шектеулер бар.
Сонымен қатар, 1 011 адамға қатысты мәліметтерді нақтылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.



