Жаңалықтар
7,8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды-ШҚО

Облыста биыл өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 17,4 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған. Қазіргі таңда 7,8 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, жоспардың 45%-ы орындалды.
Баяндамаға сәйкес, ең жоғары нәтиже субсидияланатын жұмыс орындары мен гранттарбағыты бойынша тіркеліп, бұл бағыттағы жоспардың 68%-ы орындалған.
Ал жаңа жұмыс орындарын құру, бос жұмыс орындарына орналастыру және инфрақұрылымдық жобалар бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.



