Жаңалықтар

Өскеменде адам өмірін құтқарғандар марапатталды

Өскеменде суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалған екі тұрғынға облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Алғыс хат табыстады.

Оқиға 14 шілде күні қаладағы қазаншұңқырлардың бірінде болған. Ер адамды судан Новосибирск мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің студенті Никита Волосенков пен «Остров» дәмханасының әкімшісі Людмила Цердцвадзе алып шыққан.

Сондай-ақ Марқакөл ауылының 5-сынып оқушысы Әділжан Әгібаев та марапатталды. Ол ашық аумақта қоқыс өртеніп жатқанын байқап, бірден 112 қызметіне хабар берген. Соның арқасында өрт дер кезінде сөндірілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button