Жаңалықтар

ШҚО-да белсенді ардагерлер марапатталды

Облыс орталығында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайыновтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Кездесуде ардагерлердің жастар тәрбиесіндегі рөлі, ұлттық құндылықтарды сақтау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ұйым жұмысының жеті басым бағыты таныстырылды.

Жиын соңында ардагерлер қозғалысының дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды. «Ардагерлер ұйымы» Орталық кеңесінің «Құрмет белгісі» төсбелгісі Катонқарағай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Қызыровқа, Глубокое ауданындағы Краснояр ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Нина Ершоваға және Ұлан ауданындағы Аблакет ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Әлімхан Оразаевқа табысталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button