«Марқакөл – шығыстың маржаны»:қонақтарды не күтіп тұр?

31 шілде күні Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының 50 жылдығына арналған «Марқакөл – шығыстың маржаны» атты туристік-мәдени фестиваль өтеді.
Мерекелік шараның салтанатты ашылуы сағат 11:00-де басталады. Фестиваль аясында қонақтарды Марқакөлдің табиғаты, тарихы мен мәдениетін таныстыратын көрмелер, қорық қызметкерлерін марапаттау рәсімі, ғылыми-тәжірибелік конференция, дөңгелек үстел отырысы және қорықтың 50 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесері күтеді.
Сонымен қатар поэзия фестивалі, ақындар айтысы, ұлттық спорт ойындары, қолөнер шеберлерінің көрмесі, экскурсиялық бағдарламалар мен түрлі мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылады. Келушілер Марқакөлдің қайталанбас табиғатын тамашалап, өңірдің туристік әлеуетімен жақынырақ таныса алады.
Фестиваль түрлі өнерпаздардың қатысуымен өтетін арнайы мерекелік кешпен қорытындыланады.



