Жаңалықтар
Үйін сағынған сарбаз аман-есен табылды

Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімнен жоғалып кеткен мерзімді әскери қызметші аман-есен табылды.
Бас әскери полиция басқармасының мәліметінше, қатардағы жауынгер қаладан шамамен 20 шақырым жерден анықталып, әскери полиция бөліміне жеткізілген. Оны іздеуге әскери полиция қызметкерлері жұмылдырылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз үйін сағынғандықтан әскери бөлімнен өз еркімен кетіп қалған. Ведомство оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ екенін хабарлады.
Сондай-ақ тексеру барысында әскери қызметші командирлер немесе өзге сарбаздар тарапынан жарғыға қайшы әрекеттер мен қысым болмағанын айтқан.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.



