Жаңалықтар
Өскеменде ашық аспан астында концерт өтеді

11 тамыз күні Өскемен тұрғындары мен қала қонақтарын Open Air форматындағы мерекелік концерт күтеді.
Кеш сағат 20:00-де Амфитеатр алаңында басталады. Сахнада қазақстандық танымал әншілер Калифарния, Ayree және Sadraddin өнер көрсетеді.
Мерекелік кештің жүргізушілері – Дәурен Абенов пен Нұрлан Серікпаев. Көрермендерді жанды музыка, көтеріңкі көңіл-күй және әсерлі шоу бағдарламасы күтеді.
Концерттің басты ерекшелігі – заманауи дрон-шоу. Мыңдаған шамнан құралған әуе көрінісі кештің шарықтау шегіне айналмақ.



