Жаңалықтар

Самал саябағындағы сынған көпір жөнделіп жатыр

Өскемендегі Самал саябағында орналасқан аспалы жаяу жүргіншілер көпірінде жөндеу жұмыстары басталды.

Айта кетейік, 7 мамыр күні Карбышев көшесін Самал саябағымен байланыстыратын көпірде төтенше жағдай болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімдер көпірді шайқап, соның салдарынан құрылым қисайып кеткен. Оқиға кезінде алты адам суға құлап, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған болатын. Осыдан кейін көпір жабылып, жөндеуге жіберілді.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қазір мамандар көпірдің зақымдалған бөліктерін қалпына келтіруде. Жұмыс барысында кабель ауыстырылып, ескі аспалы арматура алынып, екі негізгі аспа жаңартылады.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, жөндеу жұмыстары шамамен үш апта ішінде аяқталады. Осыдан кейін көпір қайтадан тұрғындардың пайдалануына беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button