Жаңалықтар
NVIDIA басшысы Қазақстанның ЖИ саласындағы әлеуетін жоғары бағалады

Арменияның Ереван қаласында өткен Firebird іс-шарасына қатысушыларға жасаған бейнеүндеуінде NVIDIA компаниясының негізін қалаушысы әрі бас атқарушы директоры Дженсен Хуанг Қазақстанға, еліміздегі ЖИ экожүйесінің дамуына және өз жасанды интеллектін құру бағытына ерекше тоқталды.
Оның айтуынша, бұл инфрақұрылым зерттеушілерге, стартаптарға, өнеркәсіп өкілдері мен мемлекетке жаңа мүмкіндіктер ашып, Қазақстанның жаһандық ЖИ экономикасына белсендірек интеграциялануына жол ашады.



