Жаңалықтар

Өскеменде қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді

Өскеменде жаңа оқу жылына орай қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жәрмеңке барысында тұрғындар мектепке қажетті заттарды сыйға беріп немесе өзіне қажет оқу құралдарына айырбастай алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тұрғындар жағдайы жақсы, таза мектеп формасын, сөмке, кеңсе тауарлары және басқа да оқу құралдарын әкеле алады.

Жәрмеңке 22-23 тамыз күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін «Доснар» базарының маңында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button