Жаңалықтар

Жаңа автобус бағыты іске қосылды-Өскемен

Солнечный кентінен Кемежайға(Пристань) дейін қатынайтын жаңа №206 автобус бағыты іске қосылды. Бұл туралы Жолаушылар тасымалын басқару орталығы хабарлады.

Жаңа бағыт бойынша автобус 34 аялдамаға, ал кері бағытта 37 аялдамаға тоқтайды.

Автобус бағыты қаладағы бірқатар маңызды нысандарды қамтиды. Олардың қатарында Әулие Зиновьев ғибадатханасы, 9 шақырым, Ескі Подхоз, Гавань көпірі, «Дина» базары, ӨМЗ, Таксопарк, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы, Орталық базар және «Алтай базары» бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button