Жаңалықтар

Өскеменде «SOS» түймесі арқылы ұры ұсталды

Өскеменде тұрғынның телефонын алып қашқан күдікті бір тәулік ішінде ұсталды.

Оқиға Назарбаев даңғылы маңында болған. Белгісіз ер адам 32 жастағы қала тұрғынынан қоңырау шалуы үшін ұялы телефонын сұраған. Телефонды алған соң, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Телефонынан айырылған тұрғын жақын жердегі «SOS» дабыл түймесін басқан. Сигнал бірден облыстық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына түскен. Оператор тұрғынмен байланысып, оқиға туралы ақпаратты патрульдік полицияға жеткізген.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру нәтижесінде күдіктінің кім екенін анықтады. Ол 47 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция «SOS» түймелері қоғамдық орындарда тұрғындардың полициямен шұғыл байланысуы үшін орнатылғанын еске салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button