Жаңалықтар

ШҚО-да қанша әлеуметтік осал отбасы тұрады?

Өңірде әлеуметтік осал санаттағы азаматтар тұратын 2758 үй бар. Жылыту маусымының алдында осы үйлерде өрт қауіпсіздігі бойынша рейдтер жүргізіліп жатыр.

Рейд барысында шамамен 75 заңбұзушылық анықталған. Оның 51-і Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының ұсынысынан кейін бірден түзетілді.

Мамандардың басты мақсаты — тұрғын үйлерді қыс мезгіліне дайындау, өрт пен көміртегі тотығынан улану қаупін азайту.

Кейінгі алты жылда әлеуметтік осал азаматтардың үйлеріне 17 мыңнан астам көміртегі тотығы детекторы орнатылыпты. Нәтижесінде, 45 адам, соның ішінде 31 бала аман қалған. Бұдан бөлек, 10-нан аса үйде пештер мен электр сымдары жөнделген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button