Жаңалықтар

Өскеменде «White Party» фестивалі өтті

Өскеменде тұрғындар мен қала қонақтарына арналған «White Party» фестивалі өтті.

Биыл бұл шара бесінші рет ұйымдастырылды. Фестивальге ақ түсті киім киіп келген тұрғындар қатысып, ашық аспан астында көңілді кеш өткізді.

Фестиваль отбасылық форматта өтті. Балаларға арналған ойын алаңдары ұйымдастырылып, түрлі қызықты бағдарламалар ұсынылды. Қонақтар ашық аспан астында мультфильм көріп, концерттік бағдарламаны тамашалады. Сондай-ақ тамақтануға арналған арнайы орындар жұмыс істеді.

Ұйымдастырушы Руслан Абдрасуллиннің айтуынша, фестивальдің негізгі мақсаты – қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, отбасымен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік жасау.

Фестивальге жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнер шеберлері де қатысты. Олар өздерінің өнімдері мен қолынан жасаған бұйымдарын қала тұрғындарына ұсынды.

Фестивальдің басты ерекшелігі – қатысушылардың ақ түсті киім киюі. Бұл кешке ерекше сән беріп, мерекелік көңіл күй қалыптастырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button