Жаңалықтар
Ұлан ауданында әлеуметтік осал топтарға 62 пәтер беріледі

Ұлан ауданында көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлер салынады.
Биыл ауданда 62 пәтерден тұратын 31 бір қабатты үй салу жоспарланған. Қазір Ұлан ауданында 1300-ден астам адам баспана кезегінде тұр.
Облыс әкімі жоспарланған үйлерді салумен шектелмей, тұрғын үй құрылысын кезең-кезеңімен арттыру қажеттігін атап өтті.
Жыл соңына дейін жоспарланған үйлердің құрылысын аяқтап, алдағы уақытта баспана салу көлемін ұлғайту бойынша нақты шаралар қабылдау тапсырылды.



