Қасым Қайсенов кентінде су және жылу желілері жаңартылады

Қасым Қайсенов кентінде сумен жабдықтау және жылу желілерін жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазір кенттегі су құбыры желілері қайта жаңғыртылуда.Ал Айыртау және Таврия ауылдарында су құбыры желілері мен су қабылдау құрылыстарын реконструкциялау жоспарланған. Негізгі мақсат – тұрғындарды сапалы әрі тұрақты ауызсумен қамтамасыз ету.
Жылыту маусымына дайындық жұмыстары да жалғасып жатыр. Қасым Қайсенов кентінде құны 2,5 млрд теңге болатын жылу желілерін реконструкциялау аяқталуға жақын. Сонымен қатар «Айтас-энерго» ЖШС қазандық пен жылу желілерінің жабдықтарын жөндеуге қосымша 160 млн теңге бөлді.
Ал Бозанбай ауылында құны 7,5 млрд теңге болатын жаңа қазандық салу және жылу желілерін жаңарту жоспарланып отыр.
Облыс әкімі аталған жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.



