Жаңалықтар

Өскеменде алтын әшекей ұрлаған ер адам ұсталды

Өскеменде сауда орындарынан алтын әшекей ұрлаған 30 жастағы ер адам ұсталды. Ол екі жағдайда да сатушының назарын басқа жаққа аударып, қымбат бұйымдарды алып кеткен.

Бірінші оқиға ломбардтардың бірінде болған. Күдікті сатып алушы болып, сатушыны әңгімеге алаңдатқан. Осы сәтте ол құны 501 295 теңге болатын алтын алқаны ұрлаған.

Бірнеше күннен кейін ер адам басқа сауда орнында дәл осындай тәсілмен құны 500 мың теңгеболатын алтын білезікті алып кеткен.

Полиция күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Жалпы келтірілген шығын 1 миллион теңгеден асады.

Қазір аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button