Басты жаңалықБілімЖаңалықтар

5000 студент оқу мен жұмысты қатар алып жүр — ШҚО

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланып, техникалық және жұмысшы кәсіптердің маңыздылығын арттыруға серпін берді. Осы бастама аясында облыста сұранысқа ие мамандықтарды дәріптеуге бағытталған арнайы шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы әкімдік отырысында білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов мәлім етті, деп хабарлайды Shygyslife.

Жоспардың негізгі бағыттарының бірі – колледждерде тегін оқытуға арналған мемлекеттік тапсырысты ұлғайту. 2025 жылы мемлекеттік тапсырыс көлемі 7%-ға артып, 7 130 орынды құрады.

— Бүгінде өңір экономикасы үшін кадрлар даярлаумен 37 колледж айналысады. Бұл оқу орындарында 20 273 студент білім алуда, оның ішінде 17 мыңнан астамы немесе 85%-ы мемлекеттік тапсырыс негізінде оқиды. Оқу үдерісіне 1 747 оқытушы мен өндірістік оқыту шебері тартылған. Колледж түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші де тұрақты өсім көрсетіп отыр. 2025 жылы бұл көрсеткіш 86,8%-ды құрады, — деді Қуат Оқасов.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңір колледждерінде еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтар ашылды. Атап айтқанда, жаңартылатын энергетика, қашықтан басқарылатын авиациялық жүйелер, әуе тасымалдарын ұйымдастыру, логистика, су көлігін пайдалану сияқты бағыттар бойынша 277 студент қабылданды.
Сонымен қатар колледждер мен кәсіпорындар арасындағы әріптестік нығайып келеді. Бүгінде 27 колледжде 5 мыңнан астам студент 448 кәсіпорын базасында дуалды оқыту жүйесімен білім алуда. Бұл студенттердің өндірістік тәжірибе жинақтап, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button