Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт

ШҚО: Қысқы Олимпиада ойындарына кімдер қатысады?

2026 жылғы 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV Қысқы Олимпиадалық ойындарға дайындық аясында Қазақстан құрамасының спортшылары халықаралық жарыстарда белсенді өнер көрсетіп жатыр. Аталған додаға әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысынан шыққан спортшылар да ел намысын қорғауға үміткерлер қатарында. Олимпиадаға іріктеу жарыстары нәтижелер мен халықаралық рейтингтік ұпайлар негізінде жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда Қазақстанның ұлттық шорт-трек құрамасы Әлем кубогы кезеңдеріндегі өнерін аяқтады. Соңғы IV кезең 30 қараша күні Нидерландының Дордрехт қаласында өтті. Осы спорт түрі бойынша Олимпиадаға жолдама алуға үміткер спортшылар жақын арада белгілі болады. Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғап жүрген үміткерлердің бірі – Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Құмарқан Зейнеп.
Фристайл-могул спорт түрі бойынша Шығыс Қазақстаннан шыққан тәжірибелі спортшылар да жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. 2026 жылғы 6 желтоқсан мен 18 қаңтар аралығында өтетін Әлем кубогының Финляндия, Канада және АҚШ-тағы үш кезеңіне Юлия Галышева, Анастасия Городко, Павел Колмаков, Аяулым Әмренова, Антон Бондарев және Фёдор Бугаков қатысады. Аталған спортшылар – әлем чемпионаттары мен Әлем кубогының бірнеше дүркін жүлдегерлері әрі жеңімпаздары. Биыл олар ел ішінде және шетелде 12 оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Әлем кубогының 6 кезеңінде бақ сынады.
Биатлон спортында да Шығыс Қазақстаннан шыққан спортшылар Олимпиада жолдамасы үшін күресуде. Ұлттық құраманың сапында өнер көрсетіп жүрген Ольга Полторанина, Никита Акимов және Егор Гребенщиков Әлем кубогының алты кезеңіне және IBU аясындағы алты халықаралық турнирге қатысады. Жарыстар Еуропаның бірнеше елінде өтеді.
Шаңғы жарысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының өкілі Исабек Ильяс Финляндия, Норвегия, Швейцария және Италияда өтетін Әлем кубогының бес кезеңінде ел намысын қорғайды.
Трамплиннен секіру спортында Шығыс Қазақстан облысынан Сергей Ткаченко Қазақстан құрамасы сапында 12 Әлем кубогы кезеңіне және бірқатар халықаралық турнирлерге қатысады. Жарыстар 2025 жылғы қараша мен 2026 жылғы қаңтар аралығында өтеді.
Тау шаңғысы спортынан Олимпиадаға үміткер Шығыс Қазақстандық Захар Кучин Әлем кубогының тоғыз кезеңіне қатысуы жоспарланған. Оның үшеуі өтіп, қалған алтауы Швейцария, Франция, Австрия және Чехияда өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button