Жаңалықтар

Мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды – ШҚО

Облыс орталығындағы мешіттердің бірінде ұрлық жасалды. Құны 400 мың теңге тұратын «Asus» ноутбугі жоғалған.

Жедел іздестіру барысында 37 жастағы күдікті ұсталды. Күдікті осыған дейін де басқа мешітте ұрлық жасағаны анықталған.

Барлық жағдайда күдікті тегін тамақ алуды сылтауратып мешітке кіріп, қызметтік бөлмелерден ұрлық жасаған. Кейін ноутбуктердің бірін сатып, түскен қаражатты жеке қажеттілігіне жұмсаған, – делінген полиция таратқан ақпаратта.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button