Жаңалықтар

Өскемендегі базар маңы жарықтандырылуы мүмкін

Қала әкімі Алмат Ақышов Назарбаев даңғылы, 8/1 мекенжайындағы көтерме сауда базары маңындағы жағдаймен танысты.

Қала әкімі жаяу жүргіншілер жүретін аумақта жарықтың жеткіліксіз екенін айтты. Оның сөзінше, бұл тұрғындарға қолайсыздық тудырады.

Осыған байланысты әкім базар маңындағы ғимараттардың қасбеттерін жарықтандыруды ұсынды.

«Бұл аумақты жарықтандыру қажет. Қазір мұнда қараңғы. Тұрғындар үшін де қолайсыз», – деді Алмат Ақышов.

Әзірге аумақты жарықтандыру жұмыстарының қашан басталатыны туралы ақпарат жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button